Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
1916 0 пікір 26 Мамыр, 2023 сағат 13:55

Бюджетті тиімді игермеген 82 шенеунік жазаланды

25 мамырда Сенатта үкімет пен Жоғарғы есеп палатасының 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерінің таныстырылымы өтті.

2022 жылға бөлінген бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін 82 жоғары лауазымды шенеунік жазаланды. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

«Мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды іске асыру қорытындыларына келсек, өткен жылы үш мемлекеттік бағдарлама мен 10 ұлттық жоба жүзеге асырылды. Олар мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу аясында бекітілді. Түрлі көздерден 8,2 триллион теңге бөлінді. Оның 2,8 триллион теңгесі мемлекеттік бюджеттен бөлінді», – деді ол.

Таныстырылым барысында сенатор Амангелді Төлемісов Қаржы министрлігінің басшысы: «Бірнеше триллионнан астам бюджет ақшасы тиімсіз пайдаланылды. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбауы үшін қызметкерлер жазалана ма?» – деп сұрады.

Оған Е. Жамаубаев: «Сандарды нақтылай кетейін. 8,2 триллион теңгенің барлығы мемлекет қаржысы емес. 2,8 триллионы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат. Қалғаны жеке инвестиция мен қарыз қаражат. Әрине, мониторинг жүргізіп жатырмыз. Біз Жоғарғы есеп палатасының қорытындылары мен ұсыныстарын талдаймыз, жоғары лауазымды тұлғаларды жауапқа тартамыз. Қазір 113 адам, оның ішінде 82 жоғары лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды», – деп жауап берді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050