Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
3345 1 пікір 29 Мамыр, 2023 сағат 13:46

Белсенді Думан Мұхаммедкәрім аштық жариялады

28 мамырда Қонаев соты “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” (488-бап, 12-бөлігі) деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрімді 25 тәулікке қамады. Бұл жөнінде адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлаған.

Оның айтуынша, әкімшілік іске журналист қамауда отырған кезде – 6 және 15 мамырда "Ne deidi" YouTube-арнасында жарияланған видео "негіз болған". Онда журналист “үйде отырмаңдар, өз құқықтарыңды қорғаңдар” деп айтқан.

– Біз сотты офлайн өткізуді талап еттік. Бірақ сот құлақ асқан жоқ. Думанға ешқандай хабар берілмеген. Шақыру бермеген. Қылмыскер сияқты дүкен алдынан көлікке күштеп отырғызып, ұстап алып кеткен. Бұл заңсыз. Сотты осыны да айттық. Бірақ ескерілген жоқ, – деді адвокат.

"Не дейді?" (ND) арнасының авторы Думан Мұхамедкәрімді полиция жексенбі күні Ащыбұлақтағы дүкен алдынан ұстап әкеткен еді. Адвокаттың айтуынша, Думан Мұхаммедкәрім өзін заңсыз ұстауға байланысты аштық жариялаған.

Наурыздағы парламент сайлауынан бері ол осымен үшінші рет 25 тәулікке қамалып отыр. Соңғы рет 1 мамыр күнгі оппозиция митингісі қарсаңында қамалып, 26 мамырда ғана бостандыққа шыққан.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1587
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3199
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1185
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1098