Сенбі, 23 Қараша 2024
1834 1 пікір 2 Маусым, 2023 сағат 13:51

Жаңаөзенде мұнайшылар наразылығы жалғасып жатыр

Сурет: Жанар Каримова

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мұнайшылар наразылығынан кейін құрылған Жаңаөзендегі арнайы жұмыс тобының "қызметі аяқталды" деген ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

Жаңаөзенде "тұрақты жұмыс пен бірдей жалақы" талап етіп тұрған "БерӘлі Маңғыстау Company" кәсіпорнының бұрынғы мұнайшылары осы аптада "ҚазМұнайГаз" тексеруі 29 мамырда аяқталғанымен, ұлттық компания оның шешімін әлі жариялаған жоқ" деп шағымданған. Олар билікке 15 маусымға дейін мұрсат беретінін, мәселе шешілмесе, Астанаға баратынын мәлімдеген.

"Қазіргі уақытта "Өзенмұнайгаз" АҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру жөніндегі жұмыс аяқталуға жақын, аралық қорытынды шығарылып жатыр. Анықталған сәйкессіздіктер бойынша комиссия кейбір қызмет түрлерін, оның ішінде ұңғымаларды жерасты жөндеу, көлік қызметтері және тағы басқа қызметтерді одан әрі тексере түседі" деп жазылған компанияның 31 мамыр күнгі хабарламасында.

Компания өкілдері алдағы уақытта "мердігер ұйымдардың еңбекақы төлеу, әлеуметтік төлемдер, қауіпсіздік техникасын сақтау шарттарына инспекция жүргізу" жоспарда бар деп айтты.

Қазір мұнайшылардың "Өзенмұнайгаз" алдындағы наразылығы жалғасып жатыр. Мұнайшылар 1 маусымда Азаттық тілшісіне бір күн бұрын "Мөлдір Мұнай Сервис" деген компаниядан өкілдер келіп, жұмыс ұсынғанын, бірақ ол жұмыс тұрақты емес, уақытша екенін айтты.

Бір күн бұрын аталған компания мен "Өзенмұнайгаз" өкілдерінің наразы мұнайшыларға жұмыс ұсынған сәтінен видео жарияланған. Онда компания өкілдері мұнайшыларға бес бригада құрылғанын, жалақысы "Берәлінікіндей" екенін айтып, жұмысқа тұруды ұсынады. Мұнайшылардың бірі "жұмыс қашанға дейін?" деп сұраған кезде компания өкілдері "жыл соңына дейін" деп жауап береді. Бұдан кейін мұнайшылар "демек, ол да – уақытша жұмыс қой, келесі жылы тағы жұмыссыз қаламыз" деп көңілі толмайды. Қазір наразылық жалғасып жатыр

Ақпарат көзі: centralasian.org

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340