ШҚО-да күнде 15 рет өрт тұтанады
Шығыс Қазақстан облысында күн сайын 15-тен астам дала өрті тіркелуде.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар күн сайын тәулігіне 15-20 ретке дейін дала өртін сөндіруге барады. Мұндай өрттерді ауыздықтаудың қиындығы – от ірі аумаққа жылдам тарап кетеді.
«Өрт қаупі жоғары кезеңде өңірде өрт инспекторлары, орманшылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатарынан жалпы саны 300-ге жуық адамнан тұратын 46 мобильді топ құрылған. Олар 280-нен астам рет рейдке шықты. Соның нәтижесінде, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 32 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді департаменттің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Сурет: ғаламтордан
Abai.kz