Жұма, 9 Мамыр 2025
1499 3 пікір 6 Маусым, 2023 сағат 15:56

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартылғанын хабарлады.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 5 маусымдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», – делінген Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Естеріңізде болса қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған еді. Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын айтқан болатын.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1992
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2868