Сенбі, 23 Қараша 2024
1563 0 пікір 7 Маусым, 2023 сағат 15:44

Қызылжарды Ресейге қосуды сұраған әйел сотталды

Видеочатта белгісіз адаммен сөйлесіп отырып, Петропавл қаласына Ресейге өткізуді сұраған петропавлдық әйелге сот үкімі шықты.

Оқиға 2021 жылы қыркүйекте болған. «Рулетка» чатында Татьяна С. белгісіз бір ресейлік ер адаммен видео арқылы сөйлескен. Желіде тараған видеода ресейлік азаматтың «Еліңізде кім президент болғанын қалайсыз?» деген сұрағына ол «Путин және Назарбаев» деп жауап берген.

Бұған қоса: «Қырымды алғандарыңыздай, біздің Петропавлды де өздеріңізге алыңыздаршы», - деді Татьяна С.

Татьяна С-ға сепаратизм бойынша айып тағылып, сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл 30 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық соты Татьяна С.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-бөлігі ("Сепаратистік әрекет") бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340