Бейсенбі, 22 Қазан 2026
2424 1 пікір 7 Маусым, 2023 сағат 17:02

Президент Жеңіс Қасымбекке су мәселесін жедел шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы сумен қамтамасыз ету туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады, деп хабарлады Ақорда. 

Әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау тапсырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай Президент Әкімшілігінің бақылауында болады.

Еске салайық, кеше Жеңіс Қасымбек астана тұрғындарына видеоүндеу жасап, су тапшылығы мәселесі жуық арада шешілетініне сөз берді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1145
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1595