Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Ақмылтық 2235 4 пікір 9 Маусым, 2023 сағат 15:33

Өрт ауыздықталмады. Ильин сөзін жұта ма?

Абай облысында жалпы аумағы 30 мың гектарды құрайтын алты учаскеде орман өрті сөндіріліп жатыр.

«Абай облысының алты учаскесіндегі өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіру үшін Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына көмек көрсетеді. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігінен, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдар мен Қорғаныс министрлігінен 600-ден астам адам, 168 техника жұмылдырылған. Орман шаруашылығы комитетінің мәліметі бойынша, өрттің аумағы шамамен 30 000 гектарды құрайды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 6 тікұшақпен өрт аумағын аэровизуалды барлау жүргізіп, өрт ошақтарына әуеден су төгіп жатыр. 6 тікұшақпен 55 рет 154 тонна су төгілген.

Хабарламада: «ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын үзді. Министр Төтенше жағдайлар министрлігінің Дағдарыс кезіндегі басқару орталығындағы штабты өзі басқарады», – делінген.

Естеріңіз салайық, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қазақстанда өрттің жиілеп кетуіне байланысты отставкаға кетуге дайын екенін 2022 жылдың қыркүйек айында мәлімдеген еді.

*Сурет әлеуметтік желіден алынды.

Abai.kz

4 пікір