Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6129 0 пікір 31 Мамыр, 2013 сағат 14:20

Қазақстан 12 жылдық оқыту жүйесіне 2015-2016 жылы көшеді

Мемлекет жаңа буынның жан-жақты ілім алуына қажетті қамқорлық танытып келеді. Қазіргі күні әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бағдарламасы – ең көп талқыланатын өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Әлемдік тәжірибеде 12-13 жылдық оқу жүйесі енгізілген. Әлемдік білім беру кеңістігінде 12 жылдық білім беру 216 елде жүзеге асырылады, оның ішін­де Австралия, Канада, АҚШ, Фран­ция, Жапония және әлем­нің бәсекеге қабілетті 50 елінің құра­мына енетін тағы да басқа мемлекеттер бар.  Жалпы мұндай 12 жылдық білім берудің бұл моделі әлемнің 80% астам елдерінде сәтті қолданылып келеді екен. Бұл – соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізуге жол ашып отыр. Президент тапсырмасы бойынша Үкі­мет жүзеге асыратын Білім беруді дамы­ту­дың 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасының маңызды бір мақсаты ретінде білім беру мазмұнын жаңарту арқылы 12 жылдық оқытуға көшу көрсетілген. Қазір 104 мектепте 12 жылдық оқы­туға көшу сынақ ретінде жүргізілуде, олар­дың 45-і ауылдық, 59-ы қалалық мектептер.

12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі күні білім және ғылым министрлігі негізгі және профилді мек­тептердің білім мазмұнын анықтау жұ­мыстарын жүргізілуде. 12 жылдық мектептің 1-9-сынып­тары үшін оқу құралдарының құрамын анықтап, оқу­лықтар мен оқу-әдістемелік жинақтарын әзірледі. Ең бастысы, оқытушы қауым - мұғалімдерді қайта даярлап, білік­ті­лігін көтеру жолындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. 10 мыңдай қазақстандық педа­гогтар 38 оқыту семинарлары мен 27 курс­тарға қатысты. Оқулықтар мен оқу-әдіс­­те­­мелік кешендер са­па­сына қо­йы­латын талаптар кү­шей­тіл­ді. 12 жылдық оқытуға көшу 2015-2016 оқу жылына жоспар­ланып отыр, - дейді білім және ғылым министрлігі.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036