Жексенбі, 20 Сәуір 2025
1785 0 пікір 12 Шілде, 2023 сағат 15:50

Мирзиеев шенеуніктерді қызметінен алып жатыр

Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы жексенбіде өткен президент сайлауында жеңімпаз деп жариялаған Шавкат Мирзиеев 10 аудан мен екі қаланың хокимін және бес шенеунікті қызметтерінен алған.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Мирзиеев бұл шешімін 11 шілдеде өткен жиында жариялаған.

Науаи мен Янгиюль қаласының хокимдері, Әмудария, Қорғантепе, Бұхара, Миришкор, Шырақшы, Хатыршы, Пайарық, Ақалтын, Гүлістан және Аққорған аудандарының хокимдері орнынан алынған, Мирзиеев оларда инвестициялық климат қанағаттанарлықсыз деген баға берген.

Мирзиеев мұнан өзге автожол комитетінің төрағасы Абдурахмон Абдуәлиевті, "Узбекистон темир йуллари" компаниясының басшысы Хуснитдин Хосиловты, "Узсувтаъминот" компаниясының басшысы Сахиб Саифназаровты, Су шаруашылығы мен көлік министрінің орынбасарлары Бахтияр Камалов пен Абдусамат Муминовты лауазымдарынан босатқан.

Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы 11 шілдеде Өзбекстан президентін мерзімінін бұрын сайлау қорытындысын бекітіп, Шавкат Мирзеевтың 87,05 пайыз дауыс "алғанын" растады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114