Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
2851 1 пікір 13 Шілде, 2023 сағат 12:49

БҰҰ Құранды өртеу әрекеттерін айыптады

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесі батыс елдерінің наразылық танытуына қарамастан Құранды өртеу әрекетін айыптады.

Женевада Ислам ынтымақтастық ұйымының бастамасымен өткен БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнаулы 53-сессиясында Құранды қорлау әрекеттерін айыптау қарарының жобасы талқыланды. Дауыс беруге 47 ел қатысты.

Құжаттың қабылдануына 28 ел дауыс берсе, 12 ел қарсы болды, ал 7 мемлекет қалыс қалды.

Алжир, Аргентина, Бангладеш, Боливия, Камерун, Қытай, Кот-д’Ивуар, Куба, Эритрея, Габон, Гамбия, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Малави, Малайзия, Мальдив, Марокко, Пәкістан, Қатар, Сенегал, Сомали, ОАР, Судан, Украина, Бірікккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан және Вьетнам қарардың қабылдануын жақтап дауыс берді.

Бельгия, Коста-Рика, Чехия, Финляндия, Франция, Германия, Литва, Люксембург, Черногория, Румыния, Ұлыбритания және АҚШ қарсылық танытты.

Парагвай, Непал, Мексика, Гондурас, Грузия, Бенин және Чили қалыс қалды.

Түркияның дауыс беруге құқығы жоқ. Себебі оның БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесінің байқаушысы мәртебесі бар.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1511
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3127
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1120
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1044