Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
2891 0 пікір 13 Шілде, 2023 сағат 16:22

«Семей орманындағы» өрт бір айдан кейін толықтай өшірілді

«Семей орманы» резерваты бүгін сағат 13.00-де Абай облысы Бородулиха ауданындағы орман өрті толығымен сөндірілгенін мәлімдеді. Жалын шарпыған аумақ - 60 мың гектар.

Тартылған күш-құралдардың көмегімен бұл өрт 14 маусым сағат 21:00-де оқшауланған болатын.

Бұған дейін айтылғандай, өрт оқшауланып, ТЖМ мамандары кеткен сәттен бастап орман қайта өртенбес үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт стансалары кезекшілік ұйымдастырды.

Өрттің бүкіл периметрінде патрульдеу жүргізілді.

Өрт көлемі одан әрі ұлғаймай, таралуы тоқтағаннан кейін ғана оның оқшауланғаны хабарланады.

Бұл ретте өрттің қайта тұтануына жол бермес үшін бүкіл шаралар қабылданып, жануы тоқтаған кезде өрт сөндірілді деп есептеледі.

Еске сала кетейік, 14 орманшы Семей орманындағы өртті сөндіріп жүріп мерт болды.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1430
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3005
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1076
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1004