Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
2151 0 пікір 13 Шілде, 2023 сағат 16:27

Былтыр қыркүйектен кейін әкелген көліктер заңдастырылмайды

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктерді заңдастыру мәселесі қарастырылмайтыны айтты. 

«2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктерге қатысты айтсақ, оларды заңдастыру мәселесі қарастырылмайтынын айтайын. Азаматтарға заңдастыру біржолғы сипатта болатыны ескертілді. Бұдан былай ел аумағында шетелдік автокөліктерді заңсыз әкелу мен пайдаланудың жолдарын болдырмау үшін шаралар қабылданады. Мәселен, ағымдағы жылдың 12 қаңтарынан бастап заңнамалық өзгерістерге сәйкес Қазақстан азаматтары шетелдік автокөліктеріне автосақтандыру шартын жасай алмайды», - деді комитет төрағасы.

Айтуынша, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекс бойынша міндетті сақтандырусыз көлік жүргінгендер 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды.

«Сондай-ақ, аталған жағдайларда полиция

қызметкерлері автокөліктерді ұстап, оларды арнайы автотұрақтарға жеткізуге құқылы. Қазіргі уақытта ішкі істер министрлігі халық арасында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», - деді Қайсар Сұлтанбаев.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1414
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2990
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1061
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 993