Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
2406 0 пікір 17 Шілде, 2023 сағат 11:43

«Ертіс орманындағы» өрт оқшауланды

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Ертіс орманы» резерватында болып жатқан өрттің қашан толық сөндірілуі мүмкін екенін айтты.

«Құрметті жерлестер! Бүгін сағат 14:00-де Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» резерваты аумағындағы табиғи өрт оқшауланды. Алдағы бірнеше күнде өртті толық сөндіру жоспарланып отыр. Бұл ретте өрт ошақтарын анықтап, олардың қайта тұтанбауын қадағалау маңызды. Сонымен қатар тілсіз жаумен күреске жұмылдырылған өрт сөндірушілер мен орманшыларға алғыс білдіремін», - деді Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында жариялаған хабарламасында.

Бұған дейін «Ертіс орманы» резерватында 850 гектар жер өртеніп жатқаны туралы хабарланған.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов барып, жағдайды өз бақылауына алды.

Айта кетейік, кеше «Ертіс орманы» резерватында өрт шықты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 шілде күні Шарбақты ауданының Степное және Бауыртал орманшылықтарында орманнан өрт шықты.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1439
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3015
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1080
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1008