Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
2696 0 пікір 17 Шілде, 2023 сағат 12:04

Депутат Базарбек казинодағы суреті туралы не дейді?

Әлеуметтік желілерде Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің казинода отырған фотосы тарады. Осыған байланысты депутат мән-жайды түсіндірді.

«Фото осыдан 7 ай бұрын, мен Мәжіліс депутаты болмай тұрып түсірілген», - деп жазды Бақытжан Базарбек Facebook парақшасында.

Мәлімдеуінше, Мәжіліске дейін ол жер мәселелері бойынша коммерциялық заңгер болып жұмыс істеген. Бұрын-соңды мемлекеттік қызметтерде жұмыс істемеген.

«Коммерциялық заңгер ретінде уақытымды қайда және қалай өткізуді жеке мәселе деп ойлаймын», - дейді халық қалаулысы.

Сондай-ақ, Б. Базарбек фотосының желіде тарауын соңғы уақытта Мәжіліс трибунасында өзекті және жер мәселелерін көтеруімен байланыстырады.

«Ойын бизнесіне қарсымын, тыйым салуды қолдаймын. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жұмыс тобы отырысында айтқан болатынмын. Ойын бизнесіне тыйым салу керектігі туралы петиция жарияланса бірінші болып мен қол қоямын», - делінген жазбада.

 

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1515
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3131
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1125
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1049