Сенбі, 23 Қараша 2024
1497 5 пікір 18 Шілде, 2023 сағат 13:04

Өзбекстанда Ресеймен бірлескен кәсіпорын көбейген

Өзбекстанда шетелдік инвесторлардың қатысуымен құрылған 1300 кәсіпорынның 376-сы Ресейге тиесілі. Осылай деп Өзбекстанның статистика агенттігі хабарлады. 

Соңғы бес айда Ресей Өзбекстанда бірлескен кәсіпорын ашу бойынша бірінші орында тұр. Одан кейін Қытай 245 кәсіпорын ашқан. Түркияның қатысуымен 121 кәсіп ашылса, Қазақстанның қатысуымен 780 бірлескен кәсіпорын жұмысын бастаған.

2023 жылдың 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша, Өзбекстанда шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы 12 807 кәсіпорын бар. Оның 2 884-сі Ресейге, 1 823-сі Қытайға, 1 771-сі Түркияға және 957-сі Қазақстанға тиесілі.

Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы қаңтар-мамыр айларында 25,8 млрд долларды құраған. Оның ішінде Қытаймен сауда айналымы 4,5 млрд доллар, Ресеймен 3,8 млрд доллар және Қазақстанмен 1,9 млрд доллар.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Батыс елдерінің санкциясында. Осыдан кейін Ресей мен Өзбекстанның бірлескен кәсіпорындары көбейе бастады.

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435