Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
2628 4 пікір 18 Шілде, 2023 сағат 15:45

Лагерь сөзі «орталыққа» өзгертілмек

Оқу-ағарту министрлігі лагерь сөзін орталық атауымен өзгерту мәселесін пысықтап жатыр.

«Министрлік «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Онда «лагерь» атауын «орталық» атауымен алмастыру мәселесі пысықталуда. Жалпы, жазғы уақытта балаларды демалыспен, сауықтырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және министрліктің ерекше бақылауында»,- делінген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Мәжіліс дептутаты сауалына берген жауабында.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев кеңестік идеологиямен санамызға сіңген лагерь сөзін жазғы сауықтыру орталықтары сөзімен ауыстыратын уақыт жеткенін айтып, Оқу-ағарту министрінің атына сауал жолдаған.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2990
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1058
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 993