Украина Ресейге жойқын соққы жасады...
Украиндар тарапы ағылшын-француздық «Storm shadow» зымыранымен Ресейге соққы жасады.
19 шілде күні таңғы сағат 04.30-да Қырымның Киров ауданында орналасқан оқ-дәрі мен қару-жарақ қоймасына украиндар тарапынан ағылшын-француздық «StormShadow» зымыранымен соққы жасалды.
Жаулап алынған Қырымның басшысы Сергей Аксенов жарты аралдың шығысындағы қару-жарақ қоймасында өрт шыққанын растады. Ол өзінің Телеграммдағы қысқаша жазбасында "Киров ауданындағы полигонда өрт шыққандықтан «Таврида» автокөлік трассы жабылды" деп хабарлама жасады. Аксенов оқ-дәрі мен қару-жарақ емес, әшейін бір өрт деп мәлімдесе де, ондай өрт үшін бүкіл қозғалыс тоқталмайды ғой.
Бұл хабарламаға дейін украиндық телеграм-арналары осы аудандағы "Старый Крым" қаласына жақын орналасқан қару-жарақ қоймасындағы жарылыстың бірнеше бейнетүсірілімін ұсынған болатын.
Бұл жердің Ресей үшін маңызы зор, өйткені, «Таврида» автокөлік трассы жарты арал орталығы Симферопольді Қырым көпірі арқылы РФ байланыстырады. Осы өртке орай ондағы төрт елді мекенде тұратын 2000 аса адам уақытша басқа жерге орналастырылды.
Abai.kz