Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
1963 0 пікір 20 Шілде, 2023 сағат 12:55

Қарағанды облысының 3 ауылына төтенше жағдай енгізілмек

Қарағанды облысындағы дала өртіне байланысты 3 ауылдық округте төтенше жағдай жариялануы мүмкін.

«Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Талды, Ақшоқы, Ақсу-Аюлы ауылдық округтерінің аумағында 2023 жылдың 14 шілдесінен дала және орман өрттерінің орын алуына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Оны жою бойынша басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Кәрсембаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаровтың шешімінде.

Төтенше жағдай жариялауға бағытталған құжат ертең, яғни 21 шілдеден бастап күшіне енеді.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында өрт оқиғалары жиілегені айтылған.

Сурет: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1377
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2958
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1024
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 962