Сенбі, 23 Қараша 2024
1407 0 пікір 24 Шілде, 2023 сағат 12:33

ЖОО оқытушыларының жалақысы өседі

Жоғары оқу орындарына оқытушылардың жалақысын 20 пайызға көтеру бойынша ұсыным берілді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінен мәлім етті.

«Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылдың 13 маусымындағы «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдарда профессор-оқытушы құрамның ұсынылатын ең төменгі жалақысын анықтау туралы» №272 бұйрығына сәйкес, жоғары оқу орындарына профессор-оқытушы құрамның жалақысын 20 пайызға арттыру ұсынылды», - деп атап өтті ведомстводан агенттіктің ресми сауалына орай.

Осыған орай ЖОО-лардың оқытушылары – 240 мың, аға оқытушылары – 276 мың, қауымдастырылған профессорлар – 312 мың, профессорлар – 420 мың, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы профессорлары 480 мың теңге алады.

Ведомствоның атап өтуінше, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бакалавриаттардың шәкіртақысы –20, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15 пайызға көтеріледі. Яғни, бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 36 660 теңгеден 41 898 теңгеге, магистранттар шәкіртақысы 86 987 теңгеден 91 024 теңгеге, докторанттар шәкіртақысы 195 мыңнан 215 500 теңгеге артады. Қажетті қаражат министрлік бюджетінде қарастырылған.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364