Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2364 0 пікір 25 Шілде, 2023 сағат 13:38

«Қазтеміртранс» тексеріліп жатыр

Бас көлік прокуратурасы «Қазтеміртранс» АҚ қызметіне тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған.

«Осы жылдың қаңтарынан бастап Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ пен оның еншілес ұйымдарында («Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС) аудиторлық тексерулер тағайындаған. Осы іс-шара барысында мемлекеттік жəне квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалану (оның ішінде мемлекеттік мүлік туралы заңнамасын сақтау) мəселелері қамтылады», - деді Бас прокурор жауабында.

Сонымен қатар оның дерегінше, қазір Бас көлік прокуратурасы «Қазтеміртранс» АҚ-ның қызметіне тексеру жүргізіп жатыр.

«Осы тексеру қаржылық жəне өзге де активтермен билік ету кезінде тиімді жəне нысаналы пайдалану қағидаттарының сақталуын, оның ішінде Қоғаммен вагондарды берудің негізділігін жəне басқа да сұрақтарды қамтып отыр», - деді Берік Асылов.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1355
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2931
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1007
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 945