Сенбі, 23 Қараша 2024
1415 0 пікір 25 Шілде, 2023 сағат 13:48

Қаңтар оқиғасы: Айкөркемнің өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Алматы гарнизонының әскери сотында қаңтар оқиғасы кезінде кәмелетке толмаған Айкөркем Мелдеханның өліміне әкеп соқтырған қылмыстық іс қаралып жатыр. Сот отырысы 26 шілдеге жоспарланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас әскери прокуратура мәліметінше, процестің өзі іс материалдарында жарияға жатпайтын құпия құжаттардың болуына байланысты жабық режимде өтеді.

“Қорғану тарапы да, жәбірленуші тарап та тиісті заң көмегімен қамтамасыз етілген, қорғаушылары бар. Қылмыстық процеске қатысушылардың арызы бойынша оларға мемлекеттік құпияларға рұқсат ресімделген. Сондай-ақ, қайтыс болған кәмелетке толмаған Айкөркем Мелдеханның әкесі Айдос Мелдеханға мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу бірнеше рет ұсынылды. Алайда, Айдос Мелдехан рұқсат жасаудан бас тартты. Оған мемлекеттік құпияларға рұқсат беруден бас тартудың салдары ескертілді”, – делінген хабарламада.

Айыптау әскери қызметші А.Жұманның іс-әрекетінің заңсыздығын растайтын қылмыстық іс материалдарына тіркелген (куәгерлердің айғақтары, сараптамалардың қорытындылары және басқа да дәлелдемелер) дәлелдермен қатаң негізделетіні атап өтілді.

Қазіргі уақытта басты сот талқылауы тағайындалды, оның барысында барлық жиналған дәлелдемелер зерттеліп, баға беріледі.

Прокуратура сот талқылауының барысы туралы жұртшылық жария етуге рұқсат етілген көлемде хабардар етілетінін атап өтіп, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қаңтарда ҚазҰУ ректорының ұлын атып өлтірген әскери қызметкерге үкім шыққан.

Сондай-ақ, Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Сейітқұловтар отбасының өліміне кінәлі деп айыпталған әскери қызметкер сотталды.

Сейітқұловтар отбасы 2022 жылдың 8 қаңтарында қаза тапты. Әскерилер Нұрболат Сейітқұлов, оның жары Алтынай Етаева мен 15 жастағы қызы Нұрай мінген көлікке оқ жаудырған. Үшеуі оқиға орнында көз жұмған. Данияр Егембаев Нұрболат пен қызының өліміне қатысты күдікті деп танылған. Алтынай Етаеваның өліміне байланысты іс жеке өндіріске шығарылған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354