Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
2845 0 пікір 26 Шілде, 2023 сағат 12:43

87 мың тәжікстандық Ресей азаматтығын алған

Биыл жыл басынан бері Ресейде тұратын 87 мың тәжік халқының өкілі осы елдің азаматтығын алған. Бұл былтырғы қаңтар мен шілде айларымен салыстырғанда 13 мың адамға көп, деп жазады Halyq-uni. 

Ozodi радиосының хабарлауынша, күн сайын шамамен 500 тәжікстандық Ресей азаматтығын алады. Соңғы үш жылда РФ азаматтығын алғысы келген тәжікстандықтар көбейген. Мысалы, 2020 жылы 63 мың тәжік халқының өкілі Ресей азаматтағын алса, 2021 жылы 103 мыңнан астам ажам ресейлік атанған. Ал былтыр 173 мыңнан астам тәжікстандық Ресейдің төлқұжатына ие болған.

Ресей төлқұжатын алу жағынан Украинаның азаматтары екінші орында тұр. Жарты жылда 39 мың украин халқының өкілі төлқұжатын ауыстырған.

Дегенмен Ресей ІІМ мәліметіне қарағанда, шетелдіктер арасында Ресей азаматтығын алушылар азайған. Биыл соңғы жарты жылда 205 мың шетелдік Ресей азаматтығын алған. Былтыр бұл көрсеткіш 500 мыңнан асқан.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2922
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 933