Жұма, 22 Қараша 2024
Санкция 2315 1 пікір 26 Шілде, 2023 сағат 13:06

ОА елдері Ресей банктерімен байланысын үзіп жатыр...

Орталық Азияда дәурені жүріп тұрған Ресей банктерінің басынан бағы тайғанына да бір жылдан асты. Барлығы қырғыз, қазақ, өзбек және тәжік банк нарығынан кеткенімен, ақша аударымында тек «Юнистрим» ғана қалған болатын.

Оның себебі осы елдердегі Ресейдегі еңбек мигранттары болып қырғыз, өзбек және тәжік азаматтары өз отанына ақша аударымын жасағанда «Юнистримге» жүгінетін. Енді тықыр «Юнистримге» таялып, онымен ақша аударымын жасайтын Ресейлік банктерге АҚШ пен Канада тарапынан екінші қайтара санкция салынды.

Өзбекстандағы 35 банктің 14 осы жүйемен жұмыс істеп келе жатқан болатын. Олар енді бұл саладағы қызметін толықтай тоқтаты десек те, бұның жеке азаматтардың рубльмен жасаған ақша аударымына еш қатысы жоқ.

Бұл тыйым салу Қырғызстанды да айналып өткен жоқ.  Ондағы 6 банк те осы қадамға барды. Және олар клиенттеріне жеке азаматтардың рубльмен жасаған ақша аударымына еш қатысы жоқтығын мәлімдеді.

АҚШ өз сесін Қазақстан мен Тәжікстанға да көрсетіп, әсіресе «сұрғылт импорт» арқылы Ресейдің Батыстық санкцияны айналып өтуіне барынша көмектесіп отырған үшін бірінші эконмикалық санцияның Қырғызстанға салынуының ықтималдығын ашып айтты.

Бұған қырғыз парламенті өре түрегелді. АҚШ Қаржы министрлігі ОА елдерінің Ресеймен байланысын толықтай үзуі жолында өзінің алғашқы қадамын осылайша жасады. Бұған біздің биліктің оларды не жақтап, не Ресейге бүйрегі бұрып қалай жауап беретіндігін уақыт өзі көрсетеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3227
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286