Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
3151 1 пікір 27 Шілде, 2023 сағат 13:33

Павлодар мұнай-химия зауыты қайтадан іске қосылды

Бүгінде Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ) барлық қондырғысы күрделі жөндеуден кейін қалыпты технологиялық режимде жұмыс істеп тұр. Өндіріс орны жоспарланған мерзімнен ерте, яғни, 4 күн бұрын толық іске қосылды.

«ПМХЗ» ЖШС шикі мұнай өңдеу көлемін тәулігіне 15 мың тоннаға дейін арттырды. Негізгі өнімдер (дизель отыны, бензин, битум, мұнай коксы және сұйытылған газ) штаттық режимде жөнелтіліп жатыр.

Өнеркәсіпте қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережесіне сай жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде жабдықтарға ревизия жасалып, техникалық куәландыру өткізілді. Кәсіпорынның сенімді әрі тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында сыйымдылық, сорғы, жылу алмасу жабдықтары, технологиялық пештердің құбырлары, технологиялық құбырлардың бөліктері, сондай-ақ, нормативтік қызмет мерзімі өткен катализатор мен адсорбенттер ауыстырылды.

Жоспарға сай баяу кокстеу қондырғысының түтін шығаратын құбыры ауыстырылды. Битум өндіретін қондырғының түтін шығаратын құбырының элементтері жөндеуден өтті. Бұдан басқа, өндіріске қажетті маңызды электр жабдықтары да ауыстырылды.

Сонымен қатар жол битумының тәуліктік өндірісін 15%-ға арттыруды көздейтін өзге де жұмыстар атқарылды. Ал «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның үш жылдық жөндеуаралық кезеңге шығу жөніндегі бастамасы аясында технологиялық қондырғыларды қосарлаушы сақтандыру клапандарымен қосымша жабдықтаудың бірінші кезеңі орындалды.

Жоспарлы түрде және алдын ала жүргізілген жөндеу жұмыстарына мердігер ұйымдардың 1 600 маманы, сондай-ақ, арнайы техниканың 49 бірлігі (автокрандар, автокөтергіштер) тартылды.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz 

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 292
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 843
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 299
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 290