CNN телеарнасының хабарлауынша, АҚШ қорғаныс министрлігі барлау басқармасындағы сарапшылар салынып жатқан дрон зауыты Ресейді ұшқышсыз ұшақтармен қамтамасыз етеді деп есептейді. Бұл қор Ираннан сатып алынуы мүмкін дрондардан "әлдеқайда көп" болады.
Нысан аяқталып, 2024 жылдың басында жаңа дрондар пайда болған уақытта бұл жағдай жанжалға елеулі түрде әсер етеді деп ескертті сарапшылар.
Барлаушылар Иран Ресейге нысан құрылысы үшін көмек көрсетіп отыр дейді. Қазіргі таңда Иран Ресейге 400-ден астам Shahed 131, 136 және Mohajer дрондарын берген, алайда Ресей олардың бәрін қолданып үлгерген.
Ресей Украинадағы маңызды инфрақұрылымдарды жоюда, әуе қорғаныс күшін әлсіретуге дрондарды жиі қолданып жүр.