Жұма, 22 Қараша 2024
1406 0 пікір 28 Шілде, 2023 сағат 12:03

Таулы Қарабақ: Әзірбайжан Арменияны «арандатушылыққа» барып отыр дейді

Әзірбайжан Лачын дәлізі арқылы 19 жүк тасушы көлік керуенін Арменияға өткізбей қойды. Ереван Таулы Қарабаққа гуманитарлық көмек жеткізбек болғанын мәлімдеген.  

Армения үкіметі 25 шілдеде Таулы Қарабаққа 360 тонна ұн, өсімдік майы, қант және басқа да қажетті азық-түлік түрлерін жеткізуге әрекет еткенін мәлімдеген.

Бірақ 26 шілдеде Лачын дәлізіне жеткенде, Әзірбайжан әскері оларды кіргізбей қойған.

Әзірбайжанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) автокеруендердің жөнелтуін "арандатушы" деп атап, оны елдің аймақтық тұтастығына кедерді келтіру әрекеті деп айыптады. Президент Илхам Әлиевтің көмекшісі Ереван Әзірбайжанға қатысты "аймақтық дәмесінен бас тартуы керек" деп мәлімдеді.

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабаққа гуманитарлық көмек жөнелту әрекетін қолдады. "Таулы Қарабақтағы армяндардың жағдайына көз жұмып отыра алмаймыз. Ол жерге гуманитарлық мақсатта 360 тонна азық-түлік жөнелтілді", - деді Никол Пашинян.

Лачын дәлізі - Армения мен Таулы Қарабақты байланыстыратын алты шақырымға созылған дәліз. 1992 жылдан 2020 жылға дейін оны Таулы Қарабақтың жікшіл билігі бақылауына алып келген. 2020 жылдың қараша айында Лачын дәлізінде Ресейдің бейбіт орнату күштері орналасқан.

2023 жылдың 23 сәуірінде Лачын дәлізіне Әзірбайжан бақылау-өткізу бекетін орналастырған. Дәліз 15 маусымда жабылғаны хабарланған.

Халықаралық заңдарда Таулы Қарабақ Әзірбайжан аймағы болып есептеледі. Ол жақта 100 мыңдай этностық армян тұрады.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295