Жұма, 22 Қараша 2024
1816 1 пікір 29 Шілде, 2023 сағат 13:27

Қырғыз бен қытай ортақ жобаға қол қойды

Қырғызстан энергетика министрлігі мен қытай консорциумы Қазарман ГЭС-тер каскадын салуға келісті.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, осындай меморандумға халықаралық "Ыстықкөл - 2023" экономикалық форумында қол қойылды. Консорциумға Green Gold Energy, China Railway 20 Bureau Co Ltd және PowerChina Northwest Engineering Corporation Limited компаниялары кірді.

Мәліметтерге қарағанда, Жалал-Абад облысы Тоғұз-Тороуз ауданында салынатын Қазарман каскадының қуаты 1160 МВт болады. Ол Ала-Бүгін ГЭС-і (600 МВт), Қара-Бұлұн ГЭС-1 және Қара-Бұлұн ГЭС-2 (149 және 163 МВт), сонымен бірге Тоғұз-Тороуз ГЭС-інен (248 МВт) тұрады.

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау жұмысы 1 қыркүйекте басталып, 2024 жылы 1 желтоқсанда құрылысқа кіріседі. Жоба 2030 жылға қарай аяқталады.

ГЭС каскады жобасы республикадағы ең қуатты гидроқұрылымға айналады. Жұмыс істеп тұрған Тоқтоғүл су электр станциясының қуаты - 1260 МВт.

Еске салайық, бұның алдында Қырғызстан президенті энергетика саласында 1 тамыздан бастап төтенше жағдай жариялау жөніндегі жарлыққа қол қойған. Құжат энергетика министрлігіне кең құзырет беруді қарастырады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279