Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
3216 0 пікір 29 Шілде, 2023 сағат 13:41

Ташкент әлемнің өмір сүруге ыңғайлы елу қаласының тізіміне енбек

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2030 жылға қарай Ташкент әлемнің өмір сүруге ыңғайлы елу қаласы қатарына қосуды көздейтін жарлыққа қол қойды. Бұл туралы gazeta.uz хабарлады.

Құжатқа сәйкес, Өзбекстан астанасы жеті жылдың ішінде "ауасы таза мегаполиске" айналуы тиіс. Ол үшін билік Ташкентте қосымша 4100 гектар жасыл аймақ құруды көздеп отыр.

Бұған қоса Мирзияев 2030 жылға қарай Ташкентті "коммуналдық қызметінде мәселе болмайтын аймаққа" айналдырғысы келеді. Ол үшін билік инженерлі-коммуникациялық желілерді жетілдіріп, жол инфрақұрылымын "адамдар қозғалысына қолайлы" етуді жоспарлаған.

Ташкентті өмір сүруге ыңғайлы қалаға айналдыру жөнінде Мирзияев президент сайлауы қарсаңында да мәлімдеген. ОСК мәліметінше, Мирзияев 10 маусымдағы сайлауда 87 пайыз дауыс жинаған.

Халықаралық бақылаушылар саяси науқанға "қазіргі президентке оппозиция қатыса алмағанын" атап өткен.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1278
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2824
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 925
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 871