Сенбі, 23 Қараша 2024
2483 2 пікір 1 Тамыз, 2023 сағат 10:18

Тәліптер музыкалық аспаптарды өртеп жатыр

«Талибан» экстремистік қозғалысының өкілдері (Қазақстанда тыйым салынған) мыңдаған доллар тұратын музыкалық аспаптар мен аппаратураларды өртеді. Олардың пікірінше, музыка моральдық азғындауға әкеледі, деп хабарлайды  ВВС агенттігі.

Гитара, халықтық перкуссиялық аспаптар, күшейткіштер мен колонкаларды Герат провинциясындағы тәліптердің діни полициясы өткен демалыс күндері өртеп жіберді.

Мұның көп бөлігі той өтетін орындардан тәркіленді.

Ізгілікті ынталандыру және жамандықтың алдын алу министрлігінің аймақтық филиалының басшысы шейх Азиз Рахман Мухаджирдің айтуынша, музыка «жастарды жалған бағытқа бағыттайды және қоғамның жойылуына әкеледі», деп хабарлады Бахтар мемлекеттік ақпарат агенттігі.

2021 жылы тәліптер ел билігіне оралғаннан кейін олар көп нәрсеге тыйым салды – соның ішінде көпшілік алдында музыка орындауға да тыйым бар.

Ауғанстан ұлттық музыкалық институтының негізін салушы Ахмад Сармаст «мәдени геноцид және музыкалық вандализм» деп атайды. Би-би-сиге берген сұхбатында ол ауған халқын шығармашылық еркіндіктен айырып жатқанын атап өтті.

«Гераттағы музыкалық аспаптардан жасалған алау – «Талибанның» басшылығымен Ауғанстанда болып жатқан мәдени геноцидтің тек бір бөлігі ғана», - дейді ол.

Тәліптер үшін музыкамен күрес – әдеттегі іс: 1990 жылдардың ортасынан 2001 жылға дейін елді билеп тұрған шағында олар қоғамдық шараларда, радио және телеарналарда кез келген музыканы орындауға тыйым салған.

Кейін, зайырлы үкімет кезінде ауған музыкалық сахнасы гүлденген, алайда 2021 жылдың тамызында «Талибандар» қайта оралғанда көптеген музыканттар шетелге қашуға мәжбүр болған.

НАТО күші елден кеткенде Ауғанстанда қалған әншілер мен музыканттар қысымға ұшыраған. Ұлттық музыка институтының студенттері мен мұғалімдері оқуға қайта келмеген.

Ал, әйелдерден тек көзі көрінетіндей киінуді талап етіп отыр. Үйінен 72 шақырым қашықтыққа шыққан әйелдердің жанында туыс ер адам болуы міндетті.

Қыздарға және әйелдерге мектепке немесе университетке, спортзалға немесе саябаққа баруға тыйым салынды.

Осы жылдың шілде айының басында Талибан үкіметі жанындағы ізгілікті ынталандыру және жамандықтың алдын алу министрлігі елдегі барлық шаштараздар мен сұлулық салондарын бір ай мерзімге жабу туралы бұйрық шығарды, бұл әйелдер құқығына тағы бір соққы болды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354