Сенбі, 23 Қараша 2024
1325 0 пікір 1 Тамыз, 2023 сағат 13:41

Алматыда инватакси қызметі іске қосылды

Алматыда инватакси қызметі бойынша ілкі жоба іске қосылды. Жоба осы жылдың қыркүйегіне дейін екі ай ішінде пилоттық режимде іске асырылады.

Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов айтты.

Спикердің сөзінше, мегаполисте «Инватакси» қызметін 2 мыңнан астам адам пайдаланады, оның 800-і мүгедек бала. Биыл инватакси қызметін ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 920 млн теңге бөлінді.

«Бұған дейін мегаполисте қосымша қажеттілігі бар адамдарды тасымалдауға мамандандырылған көлік тапшылығы байқалған болатын және де инватакси қызметтерінің сапасына қатысты ескертулер болған. Көрсетілетін қызметтерді барынша қамту және сапасын арттыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен және Еңбек министрлігінің қолдауымен «Яндекс. Такси» агрегаторы арқылы инватакси қызметтерін ұсыну жобасы жүзеге асты», - деді Бауыржан Жаубасов.

Сонымен қатар, ол жоба аясында оң нәтижелері бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Қызметті жеткізушілер үшін Яндекс Такси платформасында есептік жазбалар жасалды және мүгедектігі бар адамдарды пилоттық жобаға қосу мүмкіндігі берілді.

Осы пилоттық жобаға қосылған мүгедектігі бар адамдар «Яндекс такси» қосымшасы арқылы қызметтерге тапсырыс беруді ыңғайлы уақытта Яндекс Go қосымшасында арнайы әзірленген «INVA» тарифі арқылы дербес жүзеге асыра алады.

Бұл пилоттық жобада жол жүрісіне шектеу бар. Мүгедектігі бар бір адам үшін күніне 2 сапардан аспайтын лимит белгіленген.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345