Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2917 1 пікір 2 Тамыз, 2023 сағат 13:36

Шошқа фермасындағы өлім: СҚО-да 4 жұмысшы қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы «EMS AGRO» шошқа кешенінде төрт жұмысшы қаза тапты. Оқиға болған Новоивановка елді мекеніне өңір басшысы Айдарбек Сапаров барды.

СҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрт жұмысшысы ауысым аяқталысымен мал бордақылау алаңынан шықпаған.

Кейін тексеру барысында олардың тереңдігі 8 метрлік кәріздік жинақтаушыны тазалау барысында қаза тапқандығы анықталды.

Оқиға орнына СҚО әкімі Айдарбек Сапаров, оның бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов, облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов, Тайынша ауданының прокуроры Ғалымжан Әубәкіров және мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бастығы Марат Омаров барды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

Төрт жұмысшының мерт болуына не себеп болғандығы анықталып жатыр. Өңір басшысы олардың отбасыларына барып, көңіл айтты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 957
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2461
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 663
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639