Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2631 0 пікір 11 Маусым, 2013 сағат 04:02

Білім беру саласының белсенділігі артып келеді

Білім беруді басқарудың әртүрлі деңгейіне қоғамдық қатысу Қамқоршылық немесе Байқау кеңестері негізінде жүзеге асырылады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қамқоршылық кеңес­тері­нің құрамына ата-аналар қоғамы, жұ­мыс берушілер, үкіметтік емес ұйымдардың және кәсіби қауымдастықтардың өкілдері кіреді. Кеңестің негізгі бағыты ­– қаржылық қолдауды қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. 

Педагог кадрлар біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі енгізілгенін хабарлаған Ә.Ғалымова оны Назарбаев зияткерлік мек­­те­бі Кембридж университетімен бірле­сіп, ха­лықаралық білім беру стандартта­рына сәй­кес әзірлегенін айтады. Мұғалім­дер атал­ған курс аяқталған соң біліктілік ем­ти­­ханын тапсырып, бағдарлама дең­гейіне байланысты жалақыға 30 %, 70% және 100% қосымша ақы алуға мүмкіндік бе­­ретін сертификаттар алады.

Сонымен қатар, биыл 3 мың мектеп ди­ректоры мен оқу ісінің меңгерушісі білікті­лігін арттырады.

Былтырдан бастап енгізілген «Үздік педа­гог» конкурсы биыл да тамыз айында қоры­тындыланады. Жауапты хатшының ай­туынша, грант көлемі 1 млн 700 мың тең­ге.

Білім беру жүйесін қаржыландырудың, оның ішінде жан басын қаражатпен қамта­ма­сыз етудің де жаңа тетіктері енгізіліп жатыр екен. «Бұрын мұғалімнің  жалақысы жұмыс өтіліне, біліктілік санатына және оқу жүктемесіне ғана байланысты болды және жас мұғалімдер ондай жалақыға 10-20 жыл жұмыс істеп қана жететін. Егер қазір 20 жыл еңбек өтілі  бар жоғары санаттағы мұ­ғалім 120-140 мың теңге жалақы алу үшін 1,5-2 ставкада жұмыс істесе, жан басына қаржыландыруда ондай жалақыны сыйақы мен үстемақыларды қоса алғанда 1 ставка (18 сағат) жүктемемен алады», – дейді Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы.

Ол сондай-ақ биылғы оқу жылынан бастап осындай қаржыландырудың қанат­қақ­ты жобасы  төрт өңірдегі 50 мектепте іске асырылатынын жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377