Сенбі, 23 Қараша 2024
1803 0 пікір 3 Тамыз, 2023 сағат 13:13

Түркістан қаласына жаңа мәртебе беріледі

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы жарияланды. 

«Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 2021 жылғы сәуірде өткізген бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан қаласын Түркі әлемінің рухани астанасы деп тану туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты, бүгінгі күні Түркістан қаласының рухани және тарихи астана ретінде дамуына жағдай жасау үшін қаланың тарихи келбеті мен тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, діни және мәдени дәстүрлерді сақтау, мәдени және туристік объектілердің қолжетімділігі, коммуналдық, көліктік, технологиялық инфрақұрылым мен қызмет көрсету жүйелерін дамыту жөніндегі мәселелерді шешу қажет. Жоғарыда аталған мәселелерді шешу және Түркістан қаласын дамыту үшін тиімді институционалдық орта құру үшін заң жобасын қабылдау керек», - делінген Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген заң жобасының түсіндірме жазбасында.

Құжатта бұл орталық және жергілікті өкілді және атқарушы органдар арасындағы функцияларды нақты бөлу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс жоспарлауды ретке келтіру, қаланы дамыту үшін мемлекеттік қолдау көрсетудің заңнамалық базасын нығайту есебінен Түркістан қаласын дамытудың бірыңғай саясатын әзірлеуге және жүргізуге мүмкіндік беретіндігі айтылған.

Заң жобасының мақсаттары мыналар:

Түркістан қаласының Қазақстан Республикасының рухани және тарихи астанасы ретінде жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу;

Түркістан қаласының қалыптасуы мен жұмыс істеуі үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар мен тетіктер жасау;

мәдени және діни мұраны қолдау, қасиетті орындар мен көрікті жерлерді сақтау және қорғау;

Түркістан қаласын дамыту бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы үйлестіру мен өзара іс-қимылды жақсарту.

Заң шеңберінде мемлекеттік билік органдарының өкілеттіктері регламенттелетін болады:

Түркістан қаласын мемлекеттің рухани және тарихи астанасы ретінде дамыту жөніндегі саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;

қаланың тарихи келбетін және тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау;

Түркістан қаласын және бүкіл мемлекет немесе жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктер ауқымында іске асырылатын жобаларды дамыту үшін мемлекеттік қолдау көрсету.

Заң жобасы 23 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347