Арқада егістік танаптары азайтылып жатыр
Қызылжар диқандары көктемгі егіс жұмыстарын сәтті аяқтады. Биыл алғаш рет дәнді-дақылдар алқабы азайып, оның орнына майлы және жем-азықтық дақылдар көлемі көбейтілді, – деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасы.
Облыс агроқұрылымдары көктемгі дала жұмыстарына мамырдың 15-інде кіріскен болатын. Дақыл сіңірілген аумақ – 3 миллион 620 мың гектарды құрады. Өңірде мал басының артуына байланысты жем-азық тапшылығы байқалған, тек соңғы 2 жылдың ішінде ірі-қара саны 38 пайызға өскен екен. Сондықтан биыл бидай алқаптары азайтылып, жем-азық көптеп егілген. Ол шамамен 70 мың гектарға ұлғайтылып, 93,4 мың гектарды құрады. Егістік алқапты әртараптандыру саясатына сәйкес, майлы дақылдар көлемі де артып отыр, былтырғы жылмен салыстырғанда 50 гектарға көп себілді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алтынбек Абдуллаевтың айтуынша, көктемгі дала жұмыстары барысында шаруаларға мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілген. Соның бірі – арзандатылған жанар-жағармай. Облыс диқандарының биылғы қажеттілігі – 65 мың тонна. Ол шаруаларға дер кезінде жеткізілген. Минералдық тыңайтқыштардан да тапшылық болмайды деп отыр. Машина-трактор паркін биылдың өзінде қуаттылығы жоғары заманауи 58 себу кешені толықтырды. Жалпы, көктемгі дала жұмыстарына қатыстырылған шетелдік заманауи техника саны – 1 061. Олар барлық алқаптың 70 пайыздан астамындағы жұмыстарды тындырған.
Теріскейлік диқандар көктемгі дала жұмыстарын дер кезінде бастап, діттеген мерзімде аяқтап шықты. Ылғал қоры жеткілікті, демек, мол астық алуға барлық алғышарттар бар деген сөз.
Abai.kz