Биыл Қазақстанда дәрі өндірісі баяулаған
2023 жылғы қаңтар-маусымда елімізде 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% аз. (2022 жылғы қаңтар-маусым – 8,2 млрд тг).
Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.
Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2023 жылдың маусым айында фармацевтика препараттары 11,4% қымбаттаған.
Айта кетсек, бұдан бұрын "СК-Фармация" ЖШС дәрі-дәрмектерге үстеме бағаны өзгертуді ұсынған. ЖШС үстеме бағаның өсуі дәріханалардағы бағаларға әсер етпейтініне сендіріп отыр. Жүктеме өндірушіге немесе дистрибьюторға түсуі мүмкін.
Abai.kz