Сенбі, 23 Қараша 2024
1897 3 пікір 4 Тамыз, 2023 сағат 13:57

Трамп 561 жылға сотталуы мүмкін екенін айтты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істің негізінде 561 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол өзінің сайлауалды кампания демеушілеріне жолдаған хатында жазған.

Трамп Джо Байден әкімшілігін саяси қуғындап жатыр деп айыптады.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп тағы үш іс бойынша айыпталып жатыр. Олардың бірі Нью-Йорк сотында қаралып жатқан порножұлдыз Сторми Дэниэлстің аузын жабу үшін төлеген ақшаға байланысты. Тергеу ісі бұл насихат қорының есебінен төленген. Флорида сотында қаралып жатқан екінші іс құпия құжаттарды заңсыз сақтаған деген айыпқа байланысты.

Үшінші іс 2021 жылдың 6 қаңтарында Трампты жақтаушыларының Капитолийге жасаған шабуылына байланысты. Оны Вашингтон соты қарайды. Дәл осы айып бойынша экс-президент ең ауыр жазаға тартылуы мүмкін.

Капитолийді басып алу кезінде бірнеше адам қаза болған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343