Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
2629 1 пікір 4 Тамыз, 2023 сағат 14:02

Зеленский күзде «бейбіт саммит» өткізуге үндеді

Украина президенті Владимир Зеленский украин мәселесі жөніндегі «бейбіт саммитті» биыл күзде өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, осы аптада Сауд Арабиясында өтіп жатқан келіссөздер соның бастамасы бола алады.

Украина президентінің сайтында сәрсенбі күні жарияланған мәлімдемеде Зеленский Жиддада 5-6 тамызда өтетін кездесулерге қырық шақты елдің өкілі қатысады.

Форумда соғысты аяқтаудың басты қағидалары бекітілуі мүмкін. Саммит күн тәртібі Киевтің былтыр күзде дайындаған он тармақтан тұратын жоспарына негізделеді. Бейбітшілік тұжырымдамасы жоспарында Украина аумағының тұтастығын толық қалпына келтіру, Ресей әскерін ел аумағынан толық шығару туралы айтылған.

Саммит өтетін орын әлі жарияланған жоқ деп хабарлады Reuters.

Украин және батыс шенеуніктері саммитке Ресей қатыспайды деп мәлімдеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1002
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2550
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 702
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 674