Усманов Италияның Corriere della Sera басылымына берген сұқбатында Еуропа одағының сакциялары оның кәсібіне ғана емес, абыройына де зиян келтіргенін айтты.
"Менің компанияларым салық төлеп, соғысты қаржыландырып жатыр дегені әділетсіз. Себебі, Ресейде батыс елдерінің компаниялары да салық төлеп келді. Путин жөнінде айтсам, ол мені табысыма байланысты бірнеше рет марапаттады. Бірақ ол кезде шетелдіктер де осындай марапаттауға ие болған", - деді Усманов.
Ол журналистің "Украинаға басып кіру дұрыс па?" деген сұрағына жауап бермей, "мен саясаттан аулақ болып, адамдарды бөлмей, біріктіретін салаларда жұмыс істегенді дұрыс көремін. Бұл трагедиялы жанжал жақында дипломатиялық жолмен аяқталады деп үміттенемін", - деген.
Алишер Усманов — құрамында "Металлоинвест", "Удоканская медь" және "МегаФон" компаниялары кіретін USM тобының ірі акционері. ЕО елдері оны "Путинмен жақын байланыстағы адам" ретінде санкциялар тізіміне енгізген.
Abai.kz