Еуропаның төрінде EXPO-2017 туралы айтылды
Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының 153-сессиясы барысында EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары, ҚР СІМ басшысының бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев көрмені өткізуге әзірлік бойынша ұйымдастыру мәселелері турасында хабарлады.
Ол өз сөзінде ХКБ басшылығын, сондай-ақ аталмыш ұйымның делегаттарын Қазақстан артылған үмітті ақтайтынына және өтінім беру науқаны барысында өзіне жүктеген барлық міндеттерді орындауға ниетті екеніне сендірді.
Көрме комиссары 2012 жылдың желтоқсан айында Үкіметтің қызметін үйлестіру мақсатында Мемлекеттік комиссия құрылып, оның құрамына салалық министрліктердің өкілдері және Астана қаласының әкімі енгенін, оны ҚР Үкіметінің басшысы басқарғанын атап өтті. Биылғы қаңтар айында ҚР Үкіметінің 100 пайыздық меншігіндегі «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы құрылды. Елбасының Жарлығымен EXPO-2017 көрмесінің комиссары тағайындалды.

Комиссардың міндетіне EXPO мәселелері бойынша ҚР Үкіметін халықаралық аренада таныстыру, EXPO-ға байланысты ҚР міндеттемелерінің орындалуына кепілдік беру, ХКБ-мен өзара әрекеттесу, сондай-ақ барынша көп елдер мен келушілердің қатысуын қамтамасыз ету кіреді.
Р.Жошыбаев атап өткендей, EXPO – ұлттық маңызы бар жоба және оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тікелей қолдау көрсетуде. ҚР Президентінің Әкімшілігі EXPO-ға дайындықтың стратегиялық басқаруын үйлестіруді қамтамасыз етуде. EXPO-ға байланысты үкіметтік және мемлекеттік органдар қызметін реттеу міндеті артылған Мемлекеттік комиссияның отырыстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Abai.kz