Сенбі, 23 Қараша 2024
1629 0 пікір 7 Тамыз, 2023 сағат 14:07

30 тамызда самокатшыларға арналған заң күшіне енеді

30 тамыздан бастап, жол ережесін бұзған самокатшыларға айыппұл салынады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты.

Президент 29 маусым күні «Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң ресми түрде жарияланды және 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осы заң арқылы «Жол қозғалысы туралы» заңға түзетулер енгізілді, олар көлік құралдарының жаңа түрлерінің – «Электр скутері» мен «Шағын электр көлік құралдарының» мәртебесін анықтады.

Шағын электр көлігіне гироскутерлер, сигвейлер, монокөліктер, электр скейтбордтар және басқа түрлері жатады.

Ал, электрлік скутер – екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышын пайдалану арқылы бір адамның қозғалуына арналған, орындығы жоқ, максималды конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын электрлі көлік құралы.

Бұл - оларды пайдалану тәртібін заңнамалық тұрғыдан бекітудегі алғашқы қадам. Бұған дейін электр самокаттары мен шағын электр көліктері заң аясынан тыс қалатын. Енді бірінші кезекте біз оларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптарды бекіттік. Бұл жолаушыларды тасымалдауға, жаяу жүргінші өткелдерінен өтуге, жарық шағылыстыратын заттарды қолдануға және басқа да жолдағы жеке қауіпсіздік мәселелеріне қатысты, - деді спикер.

Қолданыстағы заңнамада осы заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған. Осылайша, құқықбұзушылықтар анықталса, олар ӘҚБтК 593-бабы (5 АЕК айыппұл) немесе ӘҚБтК 620-бабы (ескерту немесе 3 АЕК айыппұл) бойынша жауапқа тартылады.

Әкімдіктермен және кикшерингтік компаниялармен бірлесіп, тротуарларда, жолдарда және велосипед жолдарында қозғалыс жылдамдығын бағдарламалық реттеуді енгіземіз. Құқықбұзушылардың жеке басын анықтау және скутермен жасалған қылмыстарды ашу үшін скутерді кім, қашан және қандай маршрут бойынша пайдаланғанын есепке аламыз. Скутерлер тұрағы үшін арнайы орындарды анықтаймыз, - деді А. Боранова.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377