Сенбі, 23 Қараша 2024
1661 0 пікір 9 Тамыз, 2023 сағат 13:15

Ақтөбеде жат ағым өкілдерінің қылмыстық тобы анықталды

Ақтөбеде жат ағымның жетегінде кеткен сегіз адамның сотталғаны хабарланды. Олар бірлескен түрде тұрғындардың ақшасын тартып алып, көлігін иемденіп отырған. Қолына түскен "құрбандарды" жәбірлеп, ұрып-cоққан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мәлім болғандай, сотталушылардың сегізі де бұрын істі болған. Түрмеден шыққаннан кейін де бірге жүріп қылмыстық топ құрған. Былтыр жазда қала тұрғынын ұрлап кетіп, көлік жөндейтін орталыққа қамаған. Сол жерде ұрып-соғып, қорқытып, 2 миллионын тартып алған. Сонымен қатар жәбірленушінің атынан несие рәсімдегені де белгілі болып отыр. Одан кейін тағы бір тұрғынды ұрлап кетіп, техникалық қызмет көрсететін орталықта әбден қинаған. Қарақшылар бірақ одан ақша таба алмайды. Тартып алар дүниесі болмаған соң, жәбірленушінің көлігін иемденген.

Тергеушілер сотталушыларды деструктивті діни ағым өкілдері деп отыр. Олар жеті мен тоғыз жыл аралығында жаза арқалады:

«Күдіктілер бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтегеннен кейін, адамдармен алдын ала сөз байласып, мүліктер мен ақшалай қаражатты Ақтөбе тұрғындарынан күш қолдану арқылы иемденген. Мемлекеттік айыптаушының пікірімен келісіп, оларды кінәлі деп танып, әрқайсысына 7 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады»,-дейді Ақтөбе прокуратурасының бөлім прокуроры Әсел Өтенова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406