Сенбі, 23 Қараша 2024
1804 0 пікір 9 Тамыз, 2023 сағат 15:33

«Аруақтар соты»: Оққа ұшқан бес қаңтаршының біреуі ғана ақталды

Жамбыл облыстық апелляциялық сот алқасы қаңтаршылардың ісін қарады, деп хабарлайды Uysmedia.kz.

Сотқа тартылған тоғыздың бесеуі – Қаңтар оқиғасы кезінде Таразда мерт болғандар. 7 ақпанда шығарылған үкімде айыпталғандардың бәрі былтыр қаңтардың 6-сына қараған түні "қоғамға қауіпті іс-əрекетін ұғына отырып, қирату, өртеу, мүлікті жою, атыс қаруын қолдану және билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсетуге ұласқан жаппай тəртіпсіздікке қатысқаны", "билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, жаппай тəртіпсіздік жасауға шақырып, оқ-дəрiнi заңсыз иемденіп, сақтағаны, тасымалдағаны жəне алып жүргені" айтылған.
"Сотталушылардың кінəсі дəлелін тапты" деген еді судья Бағлан Төребекұлы

Сот Марат Бекбау бұған дейін де сотты болғанын ескеріп, оны екі жылға бостандығынан айыруға және жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде өтеуге үкім еткен.

Асхат Ташекеевті де екі жылға бостандығынан айырып, амнистияға ілінуіне байланысты сот залынан босатты.

Ғани Керімбаевты үш жылға бас бостандығынан айырды. "Рақымшылық туралы" заң қолданылуына байланысты жаза мерзімі қысқарып, ол мерзім ендігі өтелгендіктен, Керімбаев сот залынан босатылды. Нұрбол Ережеповке де үш жыл қамау жазасы кесілді. Алайда "Рақымшылық туралы" заң бойынша жаза мерзімі қысқартылып, шартты түрде тоғыз айға бостандығынан айырылды.

Ал Қаңтарда қаза тапқан Исатай Донбаев, Райс Рысбеков, Ержан Байжанов, Нұрсұлтан Қуатбаев пен Тоқтар Ошақбайға жаза тағайындалмағанымен, сот бесеуін де кінәлі деп таныған еді.

Іс апелляциялық сатыға Марат Бекбаудың және сотталғандар қайтыс болса да кінәлі деп танылған бес азаматтың қорғаушылары мен заңды өкілдерінің шағымдары бойынша түсті.

“Сот алқасы бір сотталғанға қатысты сот үкімінің күшін жойды. ҚК-нің 272-б. 2-б.-мен тағылған айып бойынша К.-ның іс-әрекеттінде қылмыс құрамының болмауына байланысты күші жойылып, қылмыстық іс өндірісімен тоқтатылды. Апелляция айыптау бойынша дәлелдемелердің жиынтығы оны кінәлі деп тану үшін жеткіліксіз деп санады. К.-ның қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуына байланысты сотталғанның өкіліне ақтау құқығы танылды. Сонымен қатар қалған сотталғандарға қатысты үкім күшінде қалдырылды. Сот алқасы олардың кінәсі дәлелденген деген қорытындыға келді. Сотталғандар Б., Т., Е., К., Б., Р., Д., О.-ның кінәсі сотта жауап алынған куәлердің - оқиғаның куәгерлерінің олардың жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан тұлғалар ретінде нақты көрсеткен айғақтарымен расталады”, – делінген облыстық сот хабарламасында.

Ал Марат Бекбаудың жазасы ауырлай түсті.

“Сот алқасы заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты аса ауыр қылмысы үшін өтелмеген соттылығы бар сотталған Б.-ға түзеу мекемесінің түрін төтенше қауіпсіздіктен барынша жоғарыға ауыстырды”, – деп мәлім етті соттан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408