Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Билік 2692 1 пікір 9 Тамыз, 2023 сағат 19:38

Астанадағы газ инфрақұрылымы күзгі-қысқы жылыту маусымына 100% дайын

Астана - «QazaqGaz» ҰК” АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық барысында Астана қаласының газбен жабдықтау объектілерін тексерді.  

Жұмыс сапары аясында ұлттық компания басшысы ЖЭО-2 нысанындағы газ реттеу пункті, ЖЭО-3 құрылысы алаңы, сонымен қатар, құрылысы жүріп жатқан “Юго-Восток” газбен жылыту станциясына барды. Басқарма төрағасына объектілердің бүгінгі күй-жайы мен объектілердегі газ жеткізетін инфрақұрылым құрылысының аяқталып қалғандығы айтылды.

«Бүгін Елордадағы ЖЭО жылыту маусымына дайындығымен таныстық. Қала әкімдігі энергетикалық жобалар бойынша ауқымды жұмыстарды атқарып жатыр.  QazaqGaz тарапынан Астананың газ инфрақұрылымы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайын, тұрғындар газбен қамтамасыз етіледі. Барлық облыстағы осындай объектілердің жұмысын пысықтаймыз. Бүгінде өңірлерде күзгі-қысқы жылыту кезеңіне дайындық 82%-ды құрайды, белгіленген кестеден озып келеміз», – деді QazaqGaz басшысы.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ЖЭО-3 нысанының құрылыс алаңы да тексерілді. Бүгінде қала әкімдігі объектідегі құрылыс-монтаж жұмыстарын жасап жатыр.  Объектіні пайдалануға беру 2023-2024 жылыту маусымының қарсаңына жоспарлануда.

Бұдан басқа, Астана қаласының әкімдігі “Юго-Восток” газбен жылыту станциясының құрылысын жүргізуде. Аталған нысан іске қосылғаннан кейін, “Мыңжылдық” деп аталатын жаңа теміржол вокзалының ауданы жылумен қамтамасыз етіледі. Айта кету керек, аталған нысан құрылысы да белгіленген кестеден бұрын орындалуда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1238
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2766
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 892
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837