Сенбі, 23 Қараша 2024
1799 1 пікір 11 Тамыз, 2023 сағат 14:43

Мәсімовтің немере інісі Нұрлан Мәсімов 10 жылға сотталды

Сот Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті "Пара алу", "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу", "Шекараны заңсыз бұзып өту" баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Судья Нұрлан Қайырбеков Мәсімовті 10 жылға соттап, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды.

Үкімге сай, Мәсімов жазасын қатаңдығы орташа түрмеде өтеуі тиіс. Бұған дейін прокурор оны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыпталушы өзіне тағылған айыптарды мойындамады.

— Үкіммен мүлде келіспейміз, аппеляциялық шағым түсіреміз. Істен дәлелдерді алып тастап, айыптау үкімін шығарды. Меніңше, судьяның сот алқасына дәлелдерді көрсетпеуге құқық беретін бап сот алқасының жұмысын құнсыздандырады, - дейді Мәсімовтің адвокаты Дмитрий Куряченко.

Нұрлан Мәсімовтен бөлек сотқа оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов пен кәсіпкер Евгений Евкович тартылды. Олар да аса ауыр жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Сот екеуін де 8 жылға түрме жазасына кесті. Сиразидимов тағылған айыптарды мойындамағаны, Евковичтің кінәсін толық мойындағаны айтылады.

Соттың айтуынша, Мәсімов құны 607 млн теңге болатын техникалық қаруларды жеткізу үшін компаниямен келісім-шарт жасасып, өзі 400 млн теңге алған. Заттарды жеткізетіндер конкурссыз алынған. Компания қару-жарақты үстеме баға көрсетіп, 180 млн теңгеге әкелген.

— Сот кезінде анықталғаны, Мәсімов 2020 жылы департамент басшысы болып тұрғанда орынбасары Сиразидимов арқылы жергілікті кәсіпкер Евковичтен пара алған. Яғни, Мәсімов кәсіпкерден Алматы облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында екі қабатты үй мен монша салып берсең және Алматыдағы үйдің төменгі қабатына толық жөндесең, полиция департаментінен тендер алып берем деген, - деді судья сотта.

Сотқа айыпталушылардың жақындары да келді. Үкімнен соң Нұрлан Мәсімов судьяға "Бірнеше жылдан кейін осы үкім үшін ұялатын боласыз" деді.

Ал Сиразидимовтың балдызы Айыма Абдрахманова "істі қарау кезінде көп заң бұзылды. Іс құжаттарын ешкім соңына дейін оқымайды. Егер үңілсек, адамды жазықсыз соттай салды. Себебі бұл – саясат, ол тегі Мәсімов болғаны үшін сотталды" деді.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі, 48 жастағы Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы полиция басқармасының басшысы қызметінен былтыр қаңтар ортасында босатылған еді. Ол мекемені 2019 жылдың қарашасынан басқарды.

2021 жылы Қазақстан президенті Тоқаевтың қаулысымен Нұрлан Мәсімовке "полиция генерал майоры" шені берілген еді. Судья үкімінде Нұрлан Мәсімовті "полиция генерал майоры", "Айбын" атақтарынан айырды.

Былтыр сәуірде Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған. Кейін шілдеде оның Ресеймен шекарада ұсталғаны хабарланды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475