Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1809 1 пікір 14 Тамыз, 2023 сағат 21:01

Алматыда БАҚ өкілдеріне қоқан-лоқы жасалды

Қаңтар оқиғасы қазақ қоғамының басын қосты десек артық айтпаймыз. Бұрын сыбырлап айтылып келген саяси өзгерістерге қатысты ойлар ендігі жерде ашық айтыла бастады.

БАҚ осы оқиғаға байланысты еркін алаңға айналды. Жазықсыз сотталғандар, қыршынан қиылғандарға қатысты қоғамдық пікір ақиқаттың ауылына жақындады. Бірақ қазақ қоғамынан алшақтап пікірі қосылмайтындар да бар екен...

14 тамызда әріптесіміз «Алматы» телеарнасы ұжымының түсірілім тобына қоқан-лоққы жасалды. Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханның өліміне қатысты сот отырысын түсіруге барған телеарна қызметкерлеріне Алматы гарнизонының әскери соты маңында азаматтық белсенді Байбах Белялов күш көрсеткен.

Кәсіпкерлікпен айналысып, ақшасы қалтасына сыймаған Байбахтың бұл жолғы күш қарымы ешнәрсенің байыбына бармай, түсірілім тобына шабуылдап журналист пен телеоператорға дене жарақатын салып қоймай, штативті сындырумен тынбай, әріптестермізге қарата былапыт сөздерді жаудырып, өмірлеріне қауіп төндіретін айтып қорқытқан.

Телеарна ұжымы бұған бей-жай қарамай ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен осы оқиғаға қатысты біршара қолдануға шақырды. Сонда қыршынан кеткен қаршадай қыздың сот отырысын жуан жұдырық күш көрсетуге арнаған Байбах Беляловтың қолтығына кім су бүріктірді деген ойдың шеті қылтияды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470