Жексенбі, 20 Сәуір 2025
1561 0 пікір 15 Тамыз, 2023 сағат 10:27

Қытаймен шекарадағы өткізу пункті жабылады

Қытаймен шекарадағы «Бақты» өткізу пункті бірнеше күнге жабық болады, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

Биылғы жыл басынан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кедендік шекарасының Қазақстан бөлігінде орналасқан өткізу пунктерін жаңарту және техникалық қосымша жарақтандыру жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Бақты» автомобиль өткізу пункті қайта жаңартылуда.

Жұмыстарды жүргізу кестесіне сәйкес 18-20 тамыз аралығында сумен жабдықтаудың сыртқы желілерін төсеу жоспарланған. Су желілері өткізу пунктінің автомобиль жолы арқылы өтетіндіктен, аталған күндер аралығында кеден бекеті көлік құралдары үшін жабық болады.

««Бақты» өткізу пункті 2023 жылғы 21 тамызда штаттық режимде ашылатыны жоспарланып отыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген комитет мәліметінде.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4924
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124