Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2404 0 пікір 14 Маусым, 2013 сағат 17:02

«Ка-226Т» тікұшағы Өскеменің төсінде

Ресейде жаңадан жасалған «Ка-226Т» тікұшағының тұсаукесері Өскеменде өтті.

Жер дүниені жапырып жел соқтырып, дауысы күншілік жерге естілетін ескі тікұшақтарға қарағанда жаңа модель өте тыныш және жеңіл.

«Вертолеты России» холдингі өкілдерінің айтуынша,  мұндай  тікұшақтар тұрақсыз күн райына қарамай еркін ұша алады. Қатты аяздарға төтеп бере алатын техникалық жағдайы біздің өңірдің климатына арналып жасалған. Оны сақтау үшін арнайы ангардың да қажеті жоқ. Техника қысы-жазы  әлемнің кез келген аймағында ұша алатын көрінеді.

-  Ол 1000 келіге дейін кабина ішіндегі, 1100 келіге дейін сыртқы жүкті еркін көтеріп ұша алады. Тау жоталарындағы шағын алаңқайларға да қорықпай қона алады, - дейді тікұшақты жасаушылар.

Мұндай тікұшақ медицина, полиция, қоршаған ортаны қорғау қызметтеріне таптырмас көмекші болар еді. Қазір «Вертолеты России» холдингі қазақстандық  серіктестермен бірігіп Қазақстандағы тікұшақ өндірісін бастауға арналған жобаны да дайындап қойыпты. Әзірге жобаға тек қаржы мәселесі ғана қолбайлау болып тұр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395