Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
2697 0 пікір 15 Тамыз, 2023 сағат 14:12

Қырғыздар ЛГБТ насихатына тыйым салынды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар заңдарға енгізілген өзгерістерге қол қойды. Бұл жөнінде мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Құжатқа сәйкес, отбасылық және салт-дәстүрді теріске шығаратын, ата-анасын құрметтемейтін мәліметтер балаларға зиян әкелекетін ақпарат болып есептеледі.

Заң балаларды өз өміріне қол салуға, есірткі, темекі қолдануға, алкоголдік ішімдіктерді ішуге, құмар ойындарын ойнауға, жезөкшелік және қайыршылықпен әуестенуді оятатын мәліметтерге тыйым салынады.

Құжатқа сәйкес, "заңға қарсы әрекеттерді ақтауға", сонымен бірге анайы сөздерді қамтыған, порнографиялық мінездегі, адамдар мен жануарларға қатыгездікдік жасауға түрткі болатын ақпараттарды жариялауға болмайды.

Осыған дейін саясаттанушы Медет Төлөнөнов Kloop басылымына берген сұқбатында Қырғызстанда орыс заңдарын көшіріп алу процесі жүріп жатқанын айтқан.

Сонымен бірге ол Қырғызстандағы ЛГБТ-насихат туралы заң Ресейдегідей кеңінен жазылмағанын атап өткен.

Басылым сол мақалада соңғы жылдары Қырғызстан биліктің саяси қарсыластарын қаралау үшін гей-тақырыбын көп қолдана бастағанын мәлімдеген.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1055
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2603
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 700