Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
2721 1 пікір 17 Тамыз, 2023 сағат 11:02

Санкция: Қазақстан компаниясы Солтүстік Корея мен Ресей арасында делдал болған

Қазақстандық компания «КХДР-мен байланысы үшін» санкцияға ілікті, деп хабарлады АҚШ Қаржы министрлігі, деп хабарлады Halyq-uni.kz

Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы Ресей мен КХДР арасында қару сату бойынша мәмілені қолдауға тырысқан, санкциялардан жалтару желісімен байланысты үш ұйымға қатысты санкция енгізді, - делінген хабарламада.

Үш фирманың Словакия азаматы Ашот Мкртычевке қатысы бары айтылған. Ол наурыз айында солтүстіккореялық шенеуніктермен Ресейге азаматтық ұшақтар, шикізат және өзге де тауарларға айырбас ретінде «қару-жарақ пен оқ-дәрінің 20 шақты түрін жеткізуге» уағдаласқаны үшін санкцияға іліккен.

Санкциялық тізім қазақстандық Defense Engineering ЖШС, сондай-ақ ресейлік «Верус» ЖШҚ және словакиялық Versor компаниясымен толықты.

Әдетте Қаржы министрлігі тарапынан салынған санкция АҚШ юрисдикциясындағы активтердің бұғатталғанын білдіреді.

«Жоғарыда аталған тұлғалардың Құрама Штаттардағы немесе оның иелігіндегі, не АҚШ адамдарының бақылауындағы барлық мүлкі бұғатталған», - делінген хабарламада.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1285
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2837
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 939
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 880